Жиілік сөздігі

ҚАЗАҚ ТЕХНИКАЛЫҚ МӘТІНДЕР СӨЗФОРМАЛАРЫНЫҢ ЖИІЛІК СӨЗДІГІ

ҚАЗАҚ ТЕХНИКАЛЫҚ МӘТІНДЕР СӨЗФОРМАЛАРЫНЫҢ ЖИІЛІК СӨЗДІГІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ ƏЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Б.Д.Карбозова

Ұсынылып отырған еңбек Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті ИРН AP15473326 «Қазақ тілінің жиілік сөздігі – Қазақстанның техникалық жоғары оқу орындары студенттеріне мемлекеттік тілді оқыту әдістемесінің инновациялық базасы» атты тақырыптың негізінде орындалып отыр.

2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша
Алматы, JOGARY BILIM, 2024

Ұсынылып отырған «Қазақ техникалық мәтіндер сөзформаларының жиілік сөздігі» қазақ техника мәтіндері сөзформасының статистикалық құрылымын анықтауға арналған. Сөздік әліпбилі-жиілік, жиілікті-әліпбилі деп аталатын екі бөлімнен тұрады. Сөздік құрастыруға алынған техникалық мәтін көлемі 170747 сөзқолданысты қамтиды, сөзформа саны – 23383 сөз. Сөздік морфологиялық, фонетикалық дублет сөздердің қазақ тілінде қандай нұсқаларының жиі не сирек екендігін сөздіктен толық анықтап, тілдегі жарыспалы сөздердің (дублеттердің) белгілі бір нұсқасын, әсіресе техника мәтіндерінде кездесетін терминдердің реестрін алуға үлкен көмегін тигізеді. Техника саласы лексикасының, стандартқа енген және termincom.kz сайтына енбеген терминдердің және басқа лексикалық топтардың тілдің жалпы жүйесінен алатын орны жөнінде көптеген мәлімет алуға болады. Жалпы тіл біліміне қатысты басқа да бірнеше теориялық мәселелердің бетін ашуға, қазақ техника тілінің ерекшеліктерін анықтап, техника терминдерінің сөздігін жасауға септігін тигізеді. Жиілік сөздік көптеген лексикографиялық мәселелерді шешуге де объективті негіз бола алады. Қазақ тілінің лексикалық байлығы мен техника саласындағы сөздердің ерекшеліктерін, автордың сөз қолдану шеберлігін анықтауға және терминология бойынша зерттеу жүргізу үшін де аса қажетті материал береді деуге болады. «Қазақ техникалық мәтіндер сөзформаларының жиілік сөздігі» тілдің статистикалық құрылымын зерттеуші тілші-филологтарға, Phd докторанттар мен магистранттарға, техника, филология мамандығы студенттеріне, техника саласындағы ізденушілерге арналған.

КІТАПТЫ ТОЛЫҚ ОҚУ ЖӘНЕ КӨШІРІП АЛУ ⇓