Жоба туралы

Termintanu.kz бағдарламасы тілтанушыларға, лингвистерге, филологтарға, техника саласы мамандарына, терминологтарға, студенттер мен магистрант-доктораттарға арналған. Ана тіліміздің немесе басқа туыстас (немесе туыс емес) тілдердің стильдік мәтіндері үшін жасалған жиілік сөздіктердің тілдің лексикалық құрамын тереңдетіп зерттеуде, сөздік құрамның жалпы функционалдық стильге ортақ бөлігін ерекшелеуде пайдасы зор. Сондай-ақ тіліміздің жалпы лексикалық жүйесіндегі танымал лексика, жаңа сөздер мен терминдер, неологизмдер және басқа да лексикалық топтардың орны туралы сандық және сапалық көптеген мәліметтер алуға болады. Сөздердің саны мен тұлғалары арқылы тілдің лексикалық байлығы мен стильдік ерекшеліктері анықталады.
Аталған бағдарлама қазақ тілінің мәтіндеріне анализ, синтез жасауда аса қажет. Техника саласы мамандарына қазақ мәтіндерінде кездесетін кәсіби сөздердің дұрыс жазылуын, аудармасын анықтауда аса құнды. Ұсынылып отырған еңбек Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті ИРН AP15473326 «Қазақ тілінің жиілік сөздігі – Қазақстанның техникалық жоғары оқу орындары студенттеріне мемлекеттік тілді оқыту әдістемесінің инновациялық базасы» атты тақырыптың негізінде орындалып отыр.